Қарағанды облысының әкімдігінің 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 55/04 Қаулысымен күші жойылды
Қарағанды облысы әкімдігінің
2014 жылғы 8 шілдедегі
№ 34/05 қаулысымен
бекітілген
«Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыс қалалары мен аудандарының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері көрсетеді (бұдан әрі - қызмет көрсетуші).
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:
1) қызмет көрсетуші;
2) «электронды үкімет» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі-портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға тұлғаларға жолдама беру, оған төмендегілер жатады:
1) жұмысқа орналасуға жолдама;
2) қоғамдық жұмыстарға жолдама;
3) тұлғаларға кәсіптік даярлыққа, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жолдама;
4) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жолдама;
5) жастар тәжірибесіне жолдама;
6) тұлғалардың кәсіптік бағдарына тегін қызмет көрсету.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну түрі: электронды (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау