«Азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру және соттарда мемлекеттің мүддесіне өкілдік ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2012 жылғы 13 желтоқсандағы № 151 бұйрығына өзгертулер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2014 жылғы 4 тамыздағы № 79 бұйрығы (күші жойылды)

«Азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру және соттарда мемлекеттің мүддесіне өкілдік ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2012 жылғы 13 желтоқсандағы № 151 бұйрығына өзгертулер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2014 жылғы 4 тамыздағы № 79 бұйрығы

 

ҚР Бас прокурорының 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 21 бұйрығымен күші жойылды

 

«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11, 18-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру және соттарда мемлекеттің мүддесіне өкілдік ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2012 жылғы 13 желтоқсандағы № 151 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 24 қаңтарда № 8288 тіркелген) келесі өзгертулер енгізуді:

Азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру және соттарда мемлекеттің мүддесіне өкілдік ету туралы Нұсқаулықтың 8-тармағы мынадай басылымда жазылсын:

«8. Прокурорлар мынадай істер бойынша міндетті түрде процеске қатысады:

ол Заңда қарастырылған жағдайда;

сот немесе жоғары тұрған прокурор оны қажет деп таныса;

мемлекеттің мүддесіне қатысты болса;

жұмысқа қайта алу туралы;

жалақы өндіру туралы;

азаматты басқа тұрғын үй-жай берместен тұрғын үйден шығару туралы;

өмірі мен денсаулыққа келтірілген зиянды өндіру туралы.

Заңда прокурордың мынадай істер бойынша қатысуы көзделген:

прокурордың бастамасы бойынша қозғалған;

ата-ана құқығынан айыру, оны қалпына келтіру, шектеу туралы, бала асырап алу туралы, бала асырап алудың күшін жою туралы (АІЖК-нің 36-1 тарауы, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексінің 76, 78, 79, 87, 103, 107-баптары);

мемлекеттік басқару органдары мен лауазымды тұлғалардың шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы (АІЖК-нің 281-бабы);

нормативтік құқықтық актілердің заңдылығына дау келтіру туралы (АІЖК-нің 284-бабы);

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.