Ішкі істер департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы туралы үлгілік ереже (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 478 бұйрығына 35-қосымша)

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2014 жылғы 29 шілдедегі

№ 478 бұйрығына

35-қосымша

 

 

Ішкі істер департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы туралы

үлгілік ереже


1. Жалпы ережелер

 

1. Әкімшілік полиция басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) Астана, Алматы, облыстардың және Көліктегі ішкі істер департаменттерінің (бұдан әрі - ІІД, КІІД) құрылымдық бөлінісі болып табылады.

2. Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Басқарманың құрылымы және штаттық санын Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі бекітеді.

4. Басқарма:

1) __________________________________________;

2) __________________________________________;

3) __________________________________________ тұрады.

 

 

2. Басқарманың негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары және міндеттемелері

 

5. Міндеті: әкімшілік полиция қызметтерінің жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ Басқарма қызметін ақпараттық-аналитикалық және үйлестірушілік қамтамасыз ету, әкімшілік полиция қызметтерінің жұмысын бақылау, сондай-ақ Басқарма басшылығының шешімдері, бұйрықтары мен нұсқауларының талаптарын дәл, толық және уақтылы орындауды бақылау, Басқармадағы құпия тәртібін қамтамасыз ету;

Функциясы:

1) әкімшілік полиция қызметтерінің жұмысын Басқарма қызметіне қатысты мәселелер бойынша үйлестіреді, Басқарманың құрылымдық бөліністері ұсынатын жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары, профилактикалық жұмыс ахуалы, заңдылықты сақтау, қалыптасқан жағдай, қол астындағы аумақтық құрылымдарды инспекциялау, сондай-ақ өткізіліп жатқан жедел-профилактикалық іс-шаралар туралы ақпаратты жинақтайды және талдайды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.