«Спортшының бір дене шынықтыру-спорт ұйымынан басқа дене шынықтыру-спорт ұйымына ауысуы қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 25 шілдедегі № 288 бұйрығы (2025.15.07. берілген өзгерістермен)

Спортшының бір дене шынықтыру-спорт ұйымынан басқа дене шынықтыру-спорт ұйымына ауысуы қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 25 шілдедегі № 288 бұйрығы

(2025.15.07. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 7-бабы 28) тармақшысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Спортшының бір дене шынықтыру-спорт ұйымынан басқа дене шынықтыру-спорт ұйымына ауысуы қағидасы бекітілсін.

2. Стратегиялық даму департаменті (Д.Ү. Қамзебаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұсынуды;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

3. «Спортшының бір дене шынықтыру-спорт ұйымынан (спорт клубынан) басқа дене шынықтыру-спорт ұйымына (спорт клубына) ауысуы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігі төрағасы міндетін атқарушының 2004 жылғы 15 наурыздағы № 06-2-2/91 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 2 сәуірде № 2792 тіркелді, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде басылды, 2004 ж. № 37-40, 1003-құжат) күші жойылды деп танылсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының орынбасары Е.Б. Қанағатовқа жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Спорт және дене шынықтыру

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.