«Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшінің) есептерді және өзге (қосымша) ақпаратты ұсыну нысандарын, мерзімдері мен кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 148 Қаулысы (2017.27.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшінің) есептерді және өзге (қосымша) ақпаратты ұсыну нысандарын, мерзімдері мен кезеңділігін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 148 Қаулысы

(2017.27.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 24 тамыздағы № 74 Қаулысымен күші жойылды

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2017.27.03. № 45 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2017.27.03. № 45 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшінің) (бұдан әрі - уақытша әкімшілік) қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мыналар:

1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша банк активтерінің жағдайы туралы есеп;

2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы активтерінің жағдайы туралы есеп;

3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша банк міндеттемелерінің жағдайы туралы есеп;

4) осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сақтандыру ұйымы міндеттемелерінің жағдайы туралы есеп;

5) осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қайта сақтандыру ұйымы міндеттемелерінің жағдайы туралы есеп;

6) осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қаржы ұйымының баланстан тыс шоттары бойынша есеп;

7) осы қаулының 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қаржы ұйымының есепті кезеңдегі ағымдағы шоты бойынша ақша қозғалысы туралы есеп;

8) осы қаулының 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қаржы ұйымының есепті кезеңдегі касса бойынша ақша қозғалысы туралы есеп;

9) осы қаулының 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қаржы ұйымының уақытша әкімшілігі есепті кезеңде жұмсаған шығыстары туралы есеп;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.