Астана қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 06-1451 Қаулысы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Рсепубликасының заңдарына сәйкес, Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес, Астана қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік-құқықтық бөлімі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Ғ. Балаеваға жүктелсін.
| Әкім | И. Тасмағамбетов |
| Әкім орынбасары | А. Балаева |
| Әкім орынбасары | В. Крылов |
| Мемлекеттік - құқықтық бөлімінің басшысы |
Д. Досқұлов |
2014 жылғы 29 тамыздағы
№ 06-1451 қаулысына
қосымша
Астана қаласы әкімдігінің күшi жойылды деп танылған кейбір қаулыларының
тiзбесi
1. «Астана қаласы бойынша ыстық және суық суды тұтынушылардың есепке алуын реттеу туралы» Астана қаласы әкiмиятының қаулысы 2001 жылғы 16 қарашадағы № 3-1-967п қаулысы. (Нормативтiк-құқықтық актілердің мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2001 жылғы 24 желтоқсанда № 159 болып тіркелген). «Вечерняя Астана» от 29 декабря 2001 года № 153 (1062), «Астана ақшамы» 2001 жылғы 29 желтоқсандағы № 163 газетердің нөмерлерінде жарияланған.