«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде кепілдіктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 18 тамыздағы № 43/01 Қаулысымен бекітілді) (күші жойылды)

Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 29/01 Қаулысымен күші жойылды

 

Қарағанды облысы әкімдігінің

2014 жылғы 18 тамыздағы

№ 43/01 қаулысымен бекітілген

 

 

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде кепілдіктер беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы «Кәсіпкерлік қызметті қолдау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» № 434 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде кепілдіктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты негізінде (Әрі қарай - Стандарт) «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесі әзірледі.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет облыстың жергілікті атқарушы органмен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) индексі 100008, Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі 13, мекенжайы бойынша көрсетіледі, ресми сайты: http://www.upkrg.crealog.kz/, телефоны: 8/7212/425069.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны - қағаз бетінде.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелері Өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - ӨҮК) отырысының хаттамасынан үзінді көшірме болып табылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру нысаны: қағаз бетінде.

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 9 тармағында қарастырылған мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыдан көрсетілетін қызметті берушінің алуы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) басталуы үшін негіздеме болып табылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.