«Субсидияланатын тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) түрлерін және субсидиялардың нормаларын белгілеу туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 22 тамыздағы № 201 Қаулысы (күші жойылды)

Субсидияланатын тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) түрлерін және субсидиялардың нормаларын белгілеу туралы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 22 тамыздағы № 201 Қаулысы

 

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 86 Қаулысымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27 - бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 574 қаулысымен бекітілген Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларының 7-тармағына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Субсидияланатын тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) түрлері мен субсидиялардың нормалары:

1) осы қаулының 1 - қосымшасына сәйкес отандық өндірушілер өткізген тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына);

2) осы қаулының 2 - қосымшасына сәйкес тыңайтқыш берушіден және (немесе) шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) белгіленсін.

2. «Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (К. Ерғалиев):

осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін;

осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә.А. Шөжеғұловқа жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.