«Газ-мұнай құбырлары мен газ-мұнай қоймаларын салу және пайдалану» кәсіби стандарты (Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 70 Бұйрығына 7-қосымша) (күші жойылды)

ҚР Энергетика министрінің м.а. 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 704 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Мұнай және газ министрінің

2014 жылғы 9 сәуірдегі

№ 70 бұйрығына 7-қосымша

 

 

«Газ-мұнай құбырлары мен газ-мұнай қоймаларын салу және пайдалану»

кәсіби стандарты

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Кәсіби стандарт:

1) кәсіби қызметтің мазмұнына қойылатын бірыңғай талаптарды әзірлеуге, еңбек нарығының қазіргі қажеттілігіне жауап беретін біліктілік талаптарын жаңартуға;

2) қызметкерлерді басқару саласындағы кең ауқымдағы міндеттерді шешуге;

3) білім беру стандарттарын, оқу жоспарларын, модульдік оқу бағдарламаларын әзірлеуге, сонымен қатар тиісті оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге;

4) кәсіби даярлықтарына бағалау жүргізуге және мамандардың біліктілікке сәйкестігін растауға арналған.

2. Кәсіби стандарттарды негізгі пайдаланушылар:

1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;

2) ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері, ұйымдардың қызметкерлерін басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;

3) білім беру бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;

4) кәсіби даярлықты бағалау және мамандардың біліктілікке сәйкестігін растау саласындағы мамандар.

3. Кәсіби стандарттардың негізінде қызметтің, лауазымның, біліктілікті арттырудың, қызметкерлерді аттестаттаудың, еңбекті ынталандыру жүйесінің және т.б. функционалдық модельдеріне қатысты ішкі, корпоративтік стандарттары әзірленуі мүмкін.

4. Осы кәсіби стандартта төмендегі терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1) салалық біліктілік шеңбері - салада танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;

2) кәсіби стандарт - кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік деңгейіне және құзыреттілікке, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;

3) кәсіп - арнайы дайындық пен жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде алған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.