«Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 13 тамыздағы № 508 бұйрығы (2025.17.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 13 тамыздағы № 508 бұйрығы

(2025.17.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2025.01.10. № 741 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 17 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2024.28.03. № 273 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 14 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 16-бабы 1-бөлігінің 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Ішкі істер министрінің 2025.01.10. № 741 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 17 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидалары бекітілсін.

2. «Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидасын бекіту туралы» Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 184 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылы 10 мамырда № 7633 тіркелген, «Казахстанская правда» газетінің 2012 жылғы 4 тамыздағы № 251-253 (27070-27072) санында, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының 2012 жылғы 2 тамыздағы № 9 актілер жинағында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (Б.М. Бердалин):

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.