«Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, қайта ресімдеу және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Алматы облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 шілдедегі № 272 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)

Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 тамыздағы № 338 Қаулысымен күші жойылды

 

Алматы облысы әкімдігінің

2014 жылғы 24 шілдедегі

№ 272 қаулысымен бекітілген

 

 

«Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік

аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, қайта ресімдеу және ұзарту»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті


1. Жалпы ережелер

 

1. Қызмет берушінің атауы: «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы қаулысымен бекітілген «Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, қайта ресімдеу және ұзарту» стандарты негізінде (бұдан әрі - Стандарт), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысымен бекітілген «Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттары» негізінде (бұдан әрі - Қағидалар) көрсетіледі.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

көрсетілетін қызметті алушыға (жұмыс берушіге) шетелдік жұмыс күшін тартуға (Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысанда) рұқсат беру, қайта ресімдеу және ұзарту (бұдан әрі - рұқсат);

көрсетілетін қызметті алушыға (шетелдік қызметкерге) жұмысқа орналасуға (Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысанда) рұқсат беру, қайта ресімдеу және ұзарту.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер
(қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің іс-қимыл
тәртібін сипаттау

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.