«Әкімшілік персоналға жататын қызметкерлер лауазымдары атауларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2014 жылғы 20 тамыздағы № 8 бұйрығы (күші жойылды)

Әкімшілік персоналға жататын қызметкерлер лауазымдары атауларының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2014 жылғы 20 тамыздағы № 8 бұйрығы

 

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 981 бұйрығымен 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 16-бабының 7-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Әкімшілік персоналға жататын қызметкерлер лауазымдары атауларының тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап:

1) «Әкімшілік қызметшілерге жататын қызметкерлер лауазымдары атауларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 1999 жылғы 7 сәуірдегі № 56-а-б бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 761 болып тіркелген);

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.