Қазақстан Республикасының Ұлттық почта операторы туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 31 желтоқсандағы № 1386 Қаулысы
(2004.21.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 24 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Почта-жинақтау жүйесiн одан әрi дамыту, Қазақстан Республикасының Ұлттық почта операторын белгiлеу және «Почта туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазпочта» ашық акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының Ұлттық почта операторы болып белгіленсiн.
2. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық почта операторы туралы ереже бекітілсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрi | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң
2003 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1386 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Ұлттық почта операторы туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы ереже Қазақстан Республикасының «Почта туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы, «Байланыс туралы» 1999 жылғы 18 мамырдағы Заңдарына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының Ұлттық почта операторының (бұдан әрi - Ұлттық почта операторы) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес почта байланысының баршаға қолжетiмдi қызметтерiн, арнайы байланыс қызметтерiн ұсыну, қаржылық қызметтi және қаржылық қызметтер көрсетудi жүзеге асыру жөніндегі мiндеттемелерiне байланысты өкiлеттiктерiн, негiзгi мiндеттерi мен функцияларын белгiлейдi.
2. Ұлттық почта операторы өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Почта туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы, «Байланыс туралы» 1999 жылғы 18 мамырдағы Заңдарын және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдерiн, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарды және осы Ереженi басшылыққа алады.
2. Негiзгi мiндеттер мен функциялар