Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Бенилюкс мемлекеттерінің үкіметтері арасындағы дипломатиялық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім (Брюссель қ., 2015 жылғы 2 наурызда)

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Бенилюкс мемлекеттерінің үкіметтері арасындағы
дипломатиялық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы
келісім
(Брюссель қ., 2015 жылғы 2 наурызда)

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 29 шілдедегі № 598 Қаулысымен бекітілді

2017 жылғы 1 тамызда күшіне енді

 

Кіріспе

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Бенилюкс мемлекеттерінің Үкіметтері бұдан әрі бірлесе «Тараптар», ал жеке алғанда «Тарап» деп аталады

1960 жылғы 11 сәуірде Брюссельде қол қойылған Бельгия Корольдігі, Люксембург Ұлы Герцогтігі және Нидерланд Корольдігі арасындағы көшіп келушілерге бақылау жасауды Бенилюкстің сыртқы шекарасына ауыстыруға қатысты келісімге сәйкес Бенилюкс мемлекеттерінің Үкіметтері бірге бой көрсететінін тани отырып;

жарамды ұлттық дипломатиялық паспорттардың иелері болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары мен Бенилюкс мемлекеттері азаматтарының олардың тиісті мемлекеттеріне кіруін жеңілдетуге ниет білдіре отырып;

төмендегілер туралы келісті:

 

 

1-бап

Анықтамалар

 

Егер мәнмәтінде өзгеше көзделмесе, осы Келісімде:

«Бенилюкс мемлекеттері» - Бельгия Корольдігін, Люксембург Ұлы Герцогтігін және Нидерланд Корольдігін білдіреді.

«Бенилюкс аумағы» Еуропада Бельгия Корольдігінің, Люксембург Ұлы Герцогтігінің және Нидерланд Корольдігінің біріккен аумағын білдіреді.

 

 

2-бап

Құзыретті органдар

 

Аталған келісімді орындауға жауапты құзыретті органдар:

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі;

2. Бенилюкс мемлекеттерінің Үкіметтері атынан: Бельгия Корольдігінен Сыртқы істер сыртқы сауда және ынтымақтастықты дамыту федералдық мемлекеттік қызметі, Люксембург Ұлы Герцогтігінен - Сыртқы істер және иммиграция министрлігі және Нидерланд Корольдігінен - Сыртқы істер министрлігі.

 

 

3-бап

Визалық талаптардан босату

 

1. Жарамды ұлттық дипломатиялық паспорттардың иелері болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспайтын кезеңде Бенилюкс мемлекеттерінің аумағына визасыз кіре алады және оның аумағында бола алады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.