«Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының бар-жоғы және қозғалысы туралы есептерді дайындау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қазандағы № 1135 Қаулысы (2016.15.11. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының бар-жоғы және қозғалысы туралы есептерді дайындау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қазандағы № 1135 Қаулысы

(2016.15.11. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 580 Қаулысымен күші жойылды

 

«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 64) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының бар-жоғы және қозғалысы туралы есептерді дайындау және ұсыну қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы 24 қазандағы

№ 1135 қаулысымен

бекітілген

 

 

Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының
бар-жоғы және қозғалысы туралы есептерді дайындау және ұсыну
қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының бар-жоғы және қозғалысы туралы есептерді дайындау және ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының бар-жоғы және қозғалысы туралы есептерді дайындау және ұсыну тәртібін белгілейді.

2. Сақталған жеріне қарамастан мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары республикалық меншік болып табылады.

ҚР Үкіметінің 2015.09.04. № 205 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.15.11. № 704 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.