«Білім беру мониторингінің щеңберінде әкімшілік деректер нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 570 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 27 тамыздағы № 367 Бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. « Білім беру мониторингінің шеңберінде әкімшілік деректер нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 570 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 8369 болып тіркелген, 2013 жылғы 24 тамыздағы № 259 (27533); 2013 жылғы 28 тамыздағы № 261 (27535); 2013 жылғы 3 қыркүйектегі № 264 (27538); 2013 жылғы 6 қыркүйектегі № 267 (27541); 2013 жылғы 14 қыркүйектегі № 274 (27548); 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 276 (27550); 2013 жылғы 19 қыркүйектегі № 277 (27551); 2013 жылғы 20 қыркүйектегі № 278 (27552); 2013 жылғы 2 қазандағы № 286 (27560) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген 5, 7, 9, 11, 18, 19, 28, 29, 44, 54, 56, 65, 66, 74, 76, 89, 96, 97, 101, 102, 104, 105, 140, 142, 145, 149, 150, 151-қосымшалар осы бұйрыққа 1-28-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаменті (Д.Ж. Каленова):
1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3) Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі Е. Н. Иманғалиевке жүктелсін.
4) Осы бұйрық алғашқы жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.