«Ішкі істер органдарында әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 27 шілдедегі № 325 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 601 бұйрығы
ҚР Ішкі істері министрінің 2015 жылғы 18 қарашадағы № 939 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 60-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Ішкі істер органдарында әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 27 шілдедегі № 325 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6407 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық, атқарушылық және өзге де мемлекеттік органдарының 2010 жылғы 25 қарашадағы № 15 нормативтік құқықтық актілер жинағында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарында әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:
он төртінші, он бесінші, он алтыншы бөліктер алынып тасталсын;
он жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұсынылмайды» деген қорытынды: