(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ 2014.24.04 № 129/4 ҚА...

Павлодар облысы әкімдігінің

2014 жылғы 24 сәуірдегі

№ 129/4 қаулысымен

бекітілген

 

Осы редакция 2014 жылғы 25 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 


«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды сенімхат бойынша басқаратын адамдарды тіркеу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті


1. Жалпы ереже

 

1. «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды сенімхат бойынша басқаратын адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыс аудандары мен қалаларының ауыл шаруашылығы бөлімдері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес көрсетеді.

Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде көрсетіледі.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: қағаз түрінде.

3. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесі көлік басқаруға арналған сенімхатқа мөртаңба басу болып табылады.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметшілерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау

 

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі (нотариат куәландырған сенімхат бойынша) Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 наурыздағы № 171 қаулысымен бекітілген «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды сенімхат бойынша басқаратын адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.