Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің департаменттері, дербес басқармалары, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдар туралы ережелерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 477 бұйрығы
Осы редакция 2014 жылғы 27 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 23 сәуірдегі Заңының 11-бабының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мынадай:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Штаб-департаменті туралы ереже;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаменті туралы ереже;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Өзіндік қауіпсіздік департаменті туралы ереже;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаменті туралы ереже;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қаржымен қамтамасыз ету департаменті туралы ереже;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Мемлекеттік тіл және ақпарат департаменті туралы ереже;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаменті туралы ереже;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Техникалық қызмет департаменті туралы ереже;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жедел жоспарлау департаменті туралы ереже;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жедел-криминалистикалық департаменті туралы ереже;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаменті туралы ереже;