Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссияны құру туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 8 қазандағы № 55 бұйрығы
(2015.04.11. берілген өзгерістермен)
ҚР Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 1 маусымдағы № 467 бұйрығымен күші жойылды
«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы № 477 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу ережесінің 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы Ереже бекітілсін.
3. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтарының күші жойылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Заң департаментінің директоры А.Қ. Әлиақпаровқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Министр | Ә. Исекешев |
ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015.04.11. № 1034 бұйрығымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2014 жылғы 8 қазандағы
№ 55 бұйрығына 1-қосымша
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссияның
құрамы
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі, төраға
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаменті директорының орынбасары, хатшы
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі
ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015.04.11. № 1034 бұйрығымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)