Ағымдағы жыл аяқталғаннан кейін есептелген, есебіне жазылған, азайтылған, төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған сомалар қорытындысы шығарылған соң есеп-қисап сальдосы алдағы жылдың жеке шотына көшіріледі.
2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 598-бап өзгертілді; 2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 598-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 598-бап өзгертілді; 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 598-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
598-бап. Салық берешегiнiң, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ (бар) екендiгi туралы мәлiметтердi беру тәртiбi
1. Салық төлеуші (салық агенті) тіркеу есебіне алынған жері бойынша «электрондық үкіметтің» веб-порталы; салық органдарының ақпараттық жүйелерінің веб-қосымшасы; халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы салық органына салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер (осы баптың мақсаты үшін - берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер) алу үшін сауал беруге құқылы.
2. Салық органы берешектiң жоқ (бар) екендiгi туралы мәлiметтердi электрондық түрде:
1) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеуді, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді, құрылымдық бөлімшелерді есептік тіркеуді, қайта тіркеуді, есептік тіркеуден шығаруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға - Бизнес-сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде;
2) мемлекеттік органдарға және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында мұндай мәліметтер беру белгіленген тұлғаларға - мұндай органның және (немесе) тұлғаның сауалы бойынша;
3) салық төлеушіге (салық агентіне) - салық төлеушінің (салық агентінің) сауалы бойынша береді.
3. Берешектiң жоқ (бар) екендiгi туралы мәліметтер салық төлеушінің (салық агентінің) тiркеу есебiне алынған жері бойынша салық органдарында ашылған дербес шоттардың деректерi ескеріле отырып жасалады.
4. Берешектің жоқ (бар) екендiгi туралы мәліметтер уәкілетті органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
5. Берешектің жоқ (бар) екендiгi туралы мәліметтер:
1) Бизнес-сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде - мәліметтер келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей;
2) мемлекеттік органның және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында мұндай мәліметтер беру белгіленген тұлғаның сауалы бойынша - сауал келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жасалады.
6. Заңды тұлға таратылған немесе шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) қызметiн тоқтатқан жағдайда, мұндай тұлғаның және (немесе) филиалдың (өкілдіктің) берешегiнiң жоқ (бар) екендiгi туралы мәліметтер осы Кодекстің 37 және 37-1-баптарында белгіленген шарттар сақталған кезде Бизнес-сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде беріледі.
7. Жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебіне қойылған жеке тұлға Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кеткен кезде мұндай тұлғаның берешегiнiң жоқ (бар) екендiгi туралы мәліметтер осы Кодекстің 41, 42 және 43-баптарында белгіленген шарттар сақталған кезде беріледі.
§ 1. Салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды
есепке жатқызу және қайтару
599-бапқа өзгерістерді қараңыз - ҚР 2014.18.06. № 210-V Заңын қараңыз (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі)
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 599-бап өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 599-бап жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
599-бап. Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомаларын есепке жатқызу
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомаларын есепке жатқызу салық төлеушінің (салық агентінің) салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді, кедендік төлемдерді, өсімпұлдарды және айыппұлдарды есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізуге ұсынған салықтық өтініші (бұдан әрі осы Кодекстің осы бабының және 600-бабының мақсаты үшін - есепке жатқызуға салықтық өтініш) бойынша, сондай-ақ осы Кодекстің осы бабында және 600-бабында көзделген басқа да негіздер бойынша жүргізіледі.
2. Өткен салық кезеңдеріндегі салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың осы түрі бойынша есеп-қисаптар ескеріле отырып, салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың салық кезеңінде бюджетке төленген (есепке жатқызылған және қайтарылған сомаларды есепке ала отырып) және есептелген, есепке жазылған (кемітуді есепке ала отырып) сомалары арасындағы оң айырма салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомасы болып табылады.
Осы Кодекстің 217-бабына сәйкес резидент емес салық төлеушіге қайтарылуға жататын, төленген салық сомасы да салықтың артық төленген сомасы болып табылады.
3. Осы Кодекстің осы бабының және 600 және 602-баптарының мақсатында:
1) жер учаскелерін, жер бетіндегі көздерден алынатын су ресурстарын, кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны, қоршаған ортаға эмиссия, радиожиілік спектрін пайдаланғаны, қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланыстарды бергені, сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төленетін төлемақы - төлемақы болып табылады;
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) аукциондардан алынатын, азаматтық авиация саласындағы сертификаттау үшін алынатын алым - алым болып табылады.
4. Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомасын есепке жатқызуды салық төлеушінің жеке шоты бойынша артық төленген сома есептеулі тұратын салық органы ұлттық валютада жүргізеді.
5. Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомаларын, осы баптың 13 - 16-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, басқа салық төлеушінің салық берешегін өтеу есебіне есепке алуға жатқызылмайды.
6. Есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалануға жататын акцизделетін тауарларға акциздің артық төленген сомаларын салықтың, төлемақының осы және басқа түрлері бойынша салық берешегін өтеу есебіне есепке жатқызу, салық төлеушінің аталған тауарларды өндіру бойынша қызметін тоқтатқан жағдайларды қоспағанда, жүргізілмейді.
7. Салық есептілігін ұсыну мерзімі ұзартылған жағдайда, ол ұсынылған күнге дейін артық төленген соманы есепке жатқызу жүргізілмейді.
8. Есепке жатқызуды жүргізу мерзімі:
1) есепке жатқызуға салықтық өтініш бойынша - осындай өтініш салық органына ұсынылған күннен бастап;
2) өтінішсіз - жеке шотта артық төленген сома түзілген күннен бастап он жұмыс күнін құрайды.
9. Салық органы салық, төлемақы, алым бойынша мерзімі бұзыла отырып, есепке жатқызу жүргізілген, олардың артық төленген сомасын есепке жатқызуға салықтық өтініш бойынша есепке жатқызуды жүргізу мерзімін бұзған жағдайда, мерзімін өткізіп алған әрбір күн үшін салық органы салық төлеушінің пайдасына өсімпұл есептейді. Өсімпұл есепке жатқызуды жүргізу күнін қоса алғанда, есепке жатқызу мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап мерзімін өткізіп алған әрбір күн үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерінде есепке жазылады.
10. Салық төлеушінің пайдасына есепке жазылған өсімпұлдар сомасы тиісті бюджет сыныптамасының коды бойынша бюджетке түсімдердің есебіне салықтың, төлемақының, алымның артық төленген сомаларын есепке жатқызу жүргізілген күні есепке жатқызуға салықтық өтініште көрсетілген салық төлеушінің банк шотына аударылуға жатады.
11. Салықтың, төлемақының, алымның артық төленген сомасы салық берешегін өтеу және алдағы төлемдерді төлеу есебіне мынадай тәртіппен:
1) тармақшаға өзгерістерді қараңыз 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңы (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) салық төлеушінің өтінішінсіз:
салықтың, төлемақының, алымның осы түрі бойынша өсімпұлдарды;
салықтың, төлемақының, алымның осы түрі бойынша айыппұлдарды - өтеу есебіне;
2) есепке жатқызуға салықтық өтініш бойынша:
салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның түрі бойынша бересіні өтеу;
салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның түрі бойынша өсімпұлды өтеу;
салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның түрі бойынша айыппұлды өтеу;
егер осы баптың 13 және 15-тармақтарында өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның түрі бойынша алдағы төлемдерді - төлеу есебіне міндетті түрде есепке жатқызылады.
12. Өсімпұлдардың бюджетке артық төленген сомасы мынадай тәртіппен:
1) салық төлеушінің өтінішінсіз:
салықтың, төлемақының, алымның осы түрі бойынша бересіні;
салықтың, төлемақының, алымның осы түрі бойынша айыппұлдарды өтеу есебіне;
2) есепке жатқызуға салықтық өтініші бойынша:
салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның түрі бойынша бересіні өтеу;
салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның түрі бойынша өсімпұлды өтеу;
салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның түрі бойынша айыппұлды өтеу;
егер осы баптың 14 және 16-тармақтарында өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның түрі бойынша алдағы төлемдерді төлеу есебіне есепке жатқызылуға тиіс.
13. Есепке жатқызуға салықтық өтініш негізінде заңды тұлға салығының, төлемақысының, алымының артық төленген сомасы осы баптың 11-тармағында белгіленген тәртіппен есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін:
1) салықтың, төлемақының, алымның осы түрі бойынша құрылымдық бөлімшенің бересісін;
2) салықтың, төлемақының, алымның осы түрі бойынша құрылымдық бөлімшенің өсімпұлын;
3) салықтың, төлемақының, алымның осы түрі бойынша құрылымдық бөлімшенің айыппұлын;
4) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның түрі бойынша құрылымдық бөлімшенің бересісін;
5) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның түрі бойынша құрылымдық бөлімшенің өсімпұлын;
6) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның түрі бойынша құрылымдық бөлімшенің айыппұлын өтеу есебіне есепке жатқызылады.
14. Есепке жатқызуға салықтық өтініш негізінде заңды тұлға өсімпұлдарының артық төленген сомасы осы баптың 12-тармағында белгіленген тәртіппен есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін:
1) салықтың, төлемақының, алымның осы түрі бойынша құрылымдық бөлімшенің бересісін;
2) салықтың, төлемақының, алымның осы түрі бойынша құрылымдық бөлімшенің өсімпұлын;
3) салықтың, төлемақының, алымның осы түрі бойынша құрылымдық бөлімшенің айыппұлын;
4) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның түрі бойынша құрылымдық бөлімшенің бересісін;
5) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның түрі бойынша құрылымдық бөлімшенің өсімпұлын;
6) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның түрі бойынша құрылымдық бөлімшенің айыппұлын өтеу есебіне есепке жатқызылады.
15. Есепке жатқызуға салықтық өтініш негізінде заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі салығының, төлемақысының, алымының артық төленген сомасы осы баптың 11-тармағында белгіленген тәртіппен есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін:
1) салықтың, төлемақының, алымның осы түрі бойынша заңды тұлғаның бересісін;
2) салықтың, төлемақының, алымның осы түрі бойынша заңды тұлғаның өсімпұлын;
3) салықтың, төлемақының, алымның осы түрі бойынша заңды тұлғаның айыппұлын;
4) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның түрі бойынша заңды тұлғаның бересісін;
5) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның түрі бойынша заңды тұлғаның өсімпұлын;
6) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның түрі бойынша заңды тұлғаның айыппұлын өтеу есебіне есепке жатқызылады.
16. Есепке жатқызуға берген салықтық өтініш негізінде заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі өсімпұлдарының артық төленген сомасы осы баптың 12-тармағында белгіленген тәртіппен есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін:
1) салықтың, төлемақының, алымның осы түрі бойынша заңды тұлғаның бересісін;
2) салықтың, төлемақының, алымның осы түрі бойынша заңды тұлғаның өсімпұлын;
3) салықтың, төлемақының, алымның осы түрі бойынша заңды тұлғаның айыппұлын;
4) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның түрі бойынша заңды тұлғаның бересісін;
5) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның түрі бойынша заңды тұлғаның өсімпұлын;
6) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның түрі бойынша заңды тұлғаның айыппұлын өтеу есебіне есепке жатқызылады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 600-бап өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 600-бап жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
600-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есепке жазылған салық сомасынан асып түсуін есепке жатқызу
Осы Кодекстің 273 және 274-баптарына сәйкес бюджеттен қайтарылуы тиіс есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есепке жазылған салық сомасынан асып түсуін есепке жатқызуды қосылған құн салығын төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органы салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомасын есепке жатқызу үшін осы Кодекстің 599-бабында белгіленген тәртіппен жүргізеді.
Осы кодексті енгізу туралы 2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 25 бабын қара
601-бап. Қате төленген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сомаларын есепке жатқызу, қайтару
1. Салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің қате төленген сомаларын есепке жатқызу, қайтару:
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) салық төлеушінің (салық агентінің) салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, кедендік төлемдерін, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызу мен қайтаруды жүргізуге арналған салықтық өтініші бойынша (бұдан әрі осы баптың мақсаты үшін - қате сомалар бойынша салықтық өтініш);
2) банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым берген өтініш (бұдан әрі осы баптың мақсаты үшін - банк өтініші) бойынша;
3) қате фактісі анықталған жағдайда, салық органы қызметі жасаған салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің қате төленген сомаларының туындау себептері туралы хаттамасы (бұдан әрі осы баптың мақсаттары үшін- қателер бойынша хаттама) бойынша жүргізіледі.
2. Салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің қате төленген сомаларын есепке жатқызу, қайтару:
1) осы баптың 1-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген негізге сүйене отырып, қате сомалар бойынша салықтық өтініш, банк өтініші берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде;
2) осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген негіз бойынша салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемді, айыппұлдарды, өсімпұлдарды қате төлеу фактісі анықталған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жүргізіледі.
3. Қате сомалар бойынша салықтық өтініш, банк өтініші салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемді қате төлеу жүргізілген салық органына ұсынылады.
4. Аудару кезінде мынадай қателердің кез келгені жіберілген:
салық төлеушінің (салық агентінің) сәйкестендіру нөмірі дұрыс көрсетілмеген;
салық органының сәйкестендіру нөмірі дұрыс көрсетілмеген;
төлемнің мәтіндік мақсаты төлем мақсатының кодына және (немесе) кірістердің бюджеттік сыныптамасының кодына сәйкес келмеген;
2) банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық төлеушінің (салық агентінің) төлем құжатын қате орындаған;
3) ақша жіберуші - салық төлеуші тіркеу есебінде тұрмаған салық органына төлем жүргізген;
4) ақша жіберуші - салық төлеуші осы салық немесе бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің осы түрі бойынша төлеуші болып табылмайтын аудару кезіндегі сомалар салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің қате төленген сомалары болып табылады.
5. Салық органы осы баптың 4-тармағында көрсетілген қателерді растаған жағдайда осы салық органы:
1) қате төленген сомаларды тиісті бюджет сыныптамасының кодына және (немесе) тиісті салық органына есепке жатқызуды жүргізеді;
2) салық төлеушінің банк шотына қайтаруды жүргізеді.
6. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым бір төлем құжаты бойынша салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемді екінші қайтара аударуға әкеп соқтырған салық төлеушінің (салық агентінің) төлем құжатын қате орындаған жағдайларда, салық органы қате аудару фактісі расталған кезде банктің өтініші бойынша қате төленген сомаларды қайтаруды жүргізеді.
7. Салық органы осы баптың 4-тармағында көрсетілген қателердің бар екендігін растамаған жағдайда осы салық органы осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделеген негіздер бойынша салық төлеушіге қателердің расталмағаны туралы жазбаша хабарлама жібереді.
8. Салық төлеуші (салық агенті) төлем құжаттарында сәйкестік нөмірін дұрыс көрсетпеген кезде салық органы салықтық өтініші негізінде қате сомалар бойынша салық төлеушіге қате төленген сомаларды оның төлем құжатында көрсетілген банктегі шотына қайтаруды жүргізеді.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 602-бап өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 602-бап жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
602-бапқа өзгерістерді қараңыз - ҚР 2014.18.06. № 210-V Заңын қараңыз (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі)
602-бап. Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомасын қайтару
1. Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомасын қайтару, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық төлеушінің (салық агентінің) салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді, кедендік төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізуге салықтық өтініші (бұдан әрі осы баптың мақсаты үшін - қайтаруға өтініш) бойынша жүргізіледі.
2. Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомасын қайтаруды салық төлеушінің осындай салық, алым, төлемақы, өсімпұл бойынша жеке шоттарын жүргізетін салық органы жүргізеді.
3. Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомасын қайтару, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, қайтаруға салықтық өтініш берілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
4. Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомасын қайтару осы Кодекстің 599-бабында көзделген есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін жүргізіледі.
5. Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомасын қайтару ұлттық валютада салық төлеушінің (салық агентінің) банк шотына жүргізіледі.
Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомасын қайтару, егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, салық берешегі болмаған кезде жүргізіледі.
Салық органы салық берешегi болған кезде салықтың, төлемақының, алымның, өсімпұлдың артық төленген сомасын есепке жатқызуға салықтық өтініш тапсырылмастан орын алған салық берешегiн өтеу есебіне есепке жатқызуды жүргізеді.
Егер салық төлеуші заңды тұлға болып табылған жағдайда, салықтың, төлемақының, алымның, өсімпұлдың артық төленген сомасын есепке жатқызу есепке жатқызуға салықтық өтініш тапсырылмастан заңды тұлға мен оның құрылымдық бөлімшелерінің орын алған салық берешегiн өтеу есебіне жүргізіледі.
Салықтың, төлемақының, алымның, өсімпұлдың артық төленген сомасының қалдығы осы тармақта көзделген есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін қайтарылуға жатады.
6. Салық төлеушінің есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалануға жататын акцизделетін тауарларды өндіру бойынша қызметін тоқтатқан жағдайларды қоспағанда, аталған тауарларға акциздің артық төленген сомасын қайтару жүргізілмейді.
7. Салық органы салық, төлемақы, алым бойынша қайтару мерзімі бұзылып жүргізілген, олардың артық төленген сомасын қайтаруды жүргізу мерзімін бұзған жағдайда, мерзімін өткізіп алған әрбір күн үшін салық органы салық төлеушінің пайдасына өсімпұл есептейді. Өсімпұл қайтару күнін қоса алғанда, қайтару мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап мерзімін өткізіп алған әрбір күн үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерінде есепке жазылады.
8. Салық төлеушінің пайдасына есепке жазылған өсімпұлдар сомасы тиісті бюджет сыныптамасының коды бойынша бюджетке түсімдердің есебінен салықтың, төлемақының, алымның артық төленген сомасын қайтарған күні салық төлеушінің қайтаруға салықтық өтінішінде көрсетілген банк шотына аударылуға жатады.
603-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн сомасының есептелген салық сомасынан асып кетуін қайтару