«Астана қаласының аумағында құрылыс салу қағидалары туралы» Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 3 наурыздағы № 432/58-ІV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 289/41-V шешімі
Астана қаласы мәслихатының 2016 жылғы 9 қарашадағы № 69/11-VI шешімімен күші жойылды
Астана қаласы әкімдігінің ұсынысын қарап, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 22-бабы 1-тармағы 2) тармақшасын және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Астана қаласының аумағында құрылыс салу қағидалары туралы» Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 3 наурыздағы № 432/58-ІV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2011 жылғы 15 сәуірде № 671 болып тіркелген, 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 45 «Астана ақшамы» және № 47 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Астана қаласының аумағында құрылыс салу қағидаларында (бұдан әрі - Қағида):
1-тармақтың он үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«құрылыс салуды реттейтін сызықтар - қызыл және сары сызықтардан немесе жер учаскесі шекарасынан шегіндіре отырып, ғимараттарды (құрылыстарды, құрылымдарды) орналастыру кезінде белгіленген құрылыс салу шекарасы;»;
1-тармақтың жиырма үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуді бастау туралы хабарлама - құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуді бастау туралы хабарлайтын құжат (соның ішінде электронды құжат түрінде);»;
1-тармақ мынадай мазмұндағы ұғымдармен толықтырылсын:
«жобалау ұзақтылығының нормативтік мерзімі - жобалау ұзақтылығының нормалары бойынша мемлекеттік нормативтік құжаттармен айқындалатын жобалау мерзімдері;