Арнайы су пайдалануға рұқсат алуға өтініштің нысанын және арнайы су пайдалануға рұқсаттың нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 1217 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 224 Қаулысымен күші жойылды
2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексі 36-бабының 20-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) арнайы су пайдалануға рұқсат алуға өтініштің нысаны;
2) арнайы су пайдалануға рұқсаттың нысаны бекітілсін.
2. Осы қаулы 2014 жылғы 21 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 21 қарашадағы
№ 1217 қаулысымен
бекітілген
Арнайы су пайдалануға рұқсат алуға
өтініштің нысаны
____________________________________________________________________
(мемлекеттік органның толық атауы)
____________________________________________________________________
(жеке немесе заңды тұлғаның толық атауы)
Арнайы су пайдалануға рұқсат беру туралы
өтініш
Мыналарға (тиісті ұяшықты белгілеңіз):
жерүсті су объектілеріне, су шаруашылығы құрылыстарына немесе жергілікті жер рельефіне өнеркәсіптік, коммуналдық-тұрмыстық, дренаждық және басқа да сарқынды суларды ағызуға;
тәулігіне елуден бастап екі мың текше метрге дейін алу лимитімен шаруашылық-ауызсуды және өндірістік-техникалық жерасты суларын жер қойнаулары бөлігінен пайдалануға;
Қазақстан Республикасының Су кодексі 66-бабының 1-тармағында көрсетілген құрылыстарды немесе техникалық құралдарды пайдалана отырып, жерүсті суларын жинауға және (немесе) пайдалануға рұқсат беруді сұраймын.
1. Жеке немесе заңды тұлға туралы мәліметтер:
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.