«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015-2017 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 28 қарашадағы № 258-V Заңы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасының
Заңы

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015-2017 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы

 

ҚР 2015 жылғы 30 қарашадағы № 427-V Заңымен күші жойылды

 

1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің мөлшерлері

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015 - 2017 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшерлері бекітілсін:

2015 жыл - 1 702 000 000 мың теңге;

2016 жыл - 1 702 000 000 мың теңге;

2017 жыл - 1 702 000 000 мың теңге.

2-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

1. Осы Заң 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2014 - 2016 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» 2013 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 18, 110-құжат; 2014 ж., № 6, 29-құжат) күші жойылды деп танылсын.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. НАЗАРБАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2014 жылғы қарашаның 28-і.

№ 258-V