Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 458 бұйрығы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) «Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 528 (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7380 болып тіркелген, 2012 жылғы 21 сәуірдегі № 112-113 (26931 - 26932) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған);