«Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық ұйымдар үшін медициналық шығыстарға тарифтерді, түзету коэффициенттерін және шығын сыйымдылық көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 11 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 205 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № 724 бұйрығымен күші жойылды
«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107 Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық-экономикалық кеңесінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 1 хаттамасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық ұйымдар үшін медициналық шығыстарға тарифтерді, түзету коэффициенттерін және шығын сыйымдылық көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 11 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін: