«Шығыстардың, оның ішінде жасасқан азаматтық-құқықтық мәмілелерге қатысты тіркеу міндетті болып табылатын шығыс түрлерінің экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 588 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 508 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Шығыстардың, оның ішінде жасасқан азаматтық-құқықтық мәмілелерге қатысты тіркеу міндетті болып табылатын шығыс түрлерінің экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 588 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5419 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шығыстардың, оның ішінде жасасқан азаматтық-құқықтық мәмілелерге қатысты тіркеу міндетті болып табылатын шығыс түрлерінің экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің тізбесінде:
1 «Ағымдағы шығындар» санатында:
01 «Тауарлар мен қызметтерге шығатын шығыстар» сыныбында:
120 «Жұмыс берушілердің жарналары» кіші сыныбында:
123 «Міндетті сақтандыру жарналары» ерекшелігі бойынша:
7 «Ескерту» бағаны мынадай редакцияда жазылсын: