«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Петропавл қалалық мәслихатының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы №6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы мәслихатының 2014 жылғы 7 қарашадағы № 6 шешімі (күші жойылды)

«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Петропавл қалалық мәслихатының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы №6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы мәслихатының 2014 жылғы 7 қарашадағы № 6 шешімі

 

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2023 жылғы 24 қарашадағы № 2 шешімімен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Респуликасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1. «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» (2014 жылғы 24 қаңтарда № 2515 мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде тіркелді, 2014 жылғы 29 қаңтарда «Қызылжар Нұры» және «Проспект СК» газеттерінде жарияланған) Петропавл қалалық мәслихатының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 6 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларындағы 1, 2, 3 қосымшалар осы шешімнің 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.