(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 23.07.99 Ж. № 451-1 ЗАҢЫ

Бұқаралық ақпарат құралдары туралы
Қазақстан Республикасының 1999 ж. 23 шілдедегі № 451-1 Заңы

(2014.16.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2014 жылғы 3 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Түпнұсқада мазмұны жоқ

 

Осы Заң бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес олардың бостандығына мемлекеттік кепілдіктерді белгілейді.

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

ҚР 03.05.01 ж. № 181-II Заңымен ; 2006.05.07. № 156-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.06.02. № 123-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді; 2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) аккредиттеу - журналистi тағайындау рәсiмi және оның өкiлеттiгiн мемлекеттiк органның, қоғамдық бiрлестiктiң және ұйымның тануы;

2) бас редактор (редактор) - бұқаралық ақпарат құралының редакциясын басқаратын және оны шығару мен таратуға, эфирге шығаруға тиiсiнше өкiлеттiгi бар жеке тұлға;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.