(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 2003 ЖЫЛҒЫ 11 МАУСЫМДАҒЫ № 435-II ЗАҢЫ

Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 11 маусымдағы № 435-II Заңы

(2012.05.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2014 жылғы 3 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

1-тарау. Жалпы ережелер                                 (1-7 баптар)
2-тарау. Жекеше нотариустардың жауапкершілігін         (8-14 баптар)
         міндетті сақтандыру шарты
3-тарау. Сақтандыру сомасы және сақтандыру сыйлықақысы (15-17 баптар)
4-тарау. Сақтандыру жағдайы және сақтандыру төлемі     (18-21 баптар)
5-тарау. Қорытынды ережелер                            (22-23 баптар)
 

Осы Заң жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi және оны жүргiзудiң құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) пайда алушы - осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемiн алушы болып табылатын тұлға;

2) жекеше нотариустың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi - жекеше нотариустың нотариаттық iс-әрекеттердi жасаудың нәтижесiнде келтiрiлген зиянды өтеуiнiң Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген мiндетi;

3) сақтанушы - сақтандырушымен жекеше нотариустың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан жекеше нотариус;

4) сақтандыру төлемi - сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру сомасы шегiнде төлейтiн ақша сомасы;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.