Осы Заң тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру саласындағы туындайтын қатынастарды реттейді және оны жүргізудің құқықтық, қаржылық және ұйымдық негіздерін белгілейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) пайда алушы - осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға;
2) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігі - тасымалдаушының жолаушыларды тасымалдау кезінде олардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгіленген өтеу міндеті;
3) сақтандырылушы - өзіне қатысты сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға;
4) жолаушы - тасымалдаушымен ауызша немесе жазбаша нысанда тасымалдау шартын жасасқан жеке тұлға;
5) тасымалдаушы - меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде темір жол, теңіз, ішкі су, әуе, автомобиль көлігі құралын, қалалық рельстік көлікті қоса алғанда, иеленуші және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жолаушыларды және олардың мүлкін ақы төлеу немесе жалға алу бойынша тасымалдауды жүзеге асыруға құқығы бар жеке немесе заңды тұлға;
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.