Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне екінші деңгейдегі банктерді пруденциялық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 211 Қаулысы
(2016.30.05. берілген өзгерістермен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 309 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016.30.05. № 147 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банк конгломератына арналған нормативтік мәндерін және пруденциалдық нормативтер мен өзге де міндетті лимиттерді есептеу әдістемелерін, сондай-ақ есептілікті ұсыну нысандары мен мерзімдерін белгілеу туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 92 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7601 тіркелген, 2012 жылғы 24 мамырда «Егемен Қазақстан» газетінде № 261-266 (27340) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Банк конгломератына арналған нормативтік мәндері және пруденциалдың нормативтер мен өзге де міндетті лимиттерді есептеу әдістемелерінде, сондай-ақ еселтілікті ұсыну нысандары мен мерзімдерінде:
2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.»;
3-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
2-тармақтың алтыншы абзацы 2015 ж. 1 шілдеге дейін қолданылды
«3. Банк холдингі немесе банк холдингі жоқ, бірақ еншілес ұйымы бар банк тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың бірінен кешіктірмей осы Нормативтік мәндердің 3-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, Нормативтік мәндердің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға банк конгломераты қатысушыларының қаржылық есептілігін қоса бере отырып, банк конгломератының пруденциалдық нормативтерді орындауы туралы есепті қағаз тасымалдауышта және (немесе) электрондық форматта ұсынады.