Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» 2012 жылғы 25 мамырдағы № 683 және «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» 2012 жылғы 16 қарашадағы № 1449 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 7 қарашадағы № 1169 Қаулысы
Осы редакция 2014 жылғы 28 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 683 қаулысында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігіне Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалардың орындалуы туралы ақпарат берсін.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігіне жүктелсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасында:
«Бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлімде:
мына: