(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007 ЖЫЛҒЫ 13 ШІЛДЕДЕГІ № 598 ҚАУЛЫСЫ

Электрондық ақпараттық ресурстарды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 шілдедегі № 598 Қаулысы

(2012.29.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2014 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Үкіметінің 2009.30.12. № 2305 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)

 

«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

ҚР Үкіметінің 2009.30.12. № 2305 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған Электрондық ақпараттық ресурстарды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастыру ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

ҚР Үкіметінің 2009.30.12. № 2305 Қаулысымен мәтін бойынша «веб-сайттарына» «веб-сайтына», «веб-сайттарында», «веб-сайттарының» деген сөздер «интернет-ресурстарына», «интернет-ресурсына», «интернет-ресурстарында», «интернет-ресурстарының», «интернет-ресурсына» «интернет-ресурстарында», «интернет-ресурстарының» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)

 Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 13 шілдедегі

598 қаулысымен

бекітілген

 

 

ҚР Үкіметінің 2009.30.12. № 2305 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)

Электрондық ақпараттық ресурстарды мемлекеттік органдардың

интернет-ресурстарына орналастыру ережесі

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ереже «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді және электрондық ақпараттық ресурстарды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастыру тәртібін айқындайды.

ҚР Үкіметінің 2012.29.05. № 698 Қаулысымен 1-1-тармақпен толықтырылды

1-1. Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастырылатын электрондық ақпараттық ресурстар, серпінді және статикалық ақпаратты қамтитындар болып бөлінеді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.