Төтенше жағдай аймағындағы халықтың ең төменгі тіршілігін қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1423 Қаулысы
(2016.18.02. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 552 Қаулысымен күші жойылды
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 26) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiлiп отырған төтенше жағдай аймағындағы халықтың ең төменгі тіршілігін қамтамасыз ету нормалары бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.