«Шығыстардың, оның iшiнде жасасқан азаматтық-құқықтық мәмiлелерге қатысты тiркеу мiндеттi болып табылатын шығыс түрлерiнiң экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 588 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 580 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Шығыстардың, оның iшiнде жасасқан азаматтық-құқықтық мәмiлелерге қатысты тiркеу мiндеттi болып табылатын шығыс түрлерiнiң экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 588 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5419 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шығыстардың, оның iшiнде жасасқан азаматтық-құқықтық мәмiлелерге қатысты тiркеу мiндеттi болып табылатын шығыс түрлерiнiң экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерiнiң тiзбесiнде:
1 «Ағымдағы шығындар» санатында:
01 «Тауарлар мен қызметтерге шығатын шығыстар» сыныбында:
150 «Қызметтер мен жұмыстарды сатып алу» кіші сыныбында:
159 «Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» ерекшелігі бойынша:
7 «Ескерту» бағаны мынадай редакцияда жазылсын: