Спорттық медицина ұйымдарының құрылымы және олардың қызметі туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 109 бұйрығы
(2022.19.12. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 10-1 бабы 2-тармағының 2)тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар бекітілсін:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес спорттық медицина ұйымдарының құрылымы;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес спорттық медицина ұйымдарының қызметі туралы ереже.
2. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. «Дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлерінің, спорттық медицина және оңалту орталықтарының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2011 жылғы 4 қазандағы № 02-02-18/198 бұйрығының (№ 7341 нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізімдемесінде тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Т.Қ. Есентаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.