Спорт түрлерінде пайдаланылатын жануарлар мен құстардың жем-азығы нормативтерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 97 бұйрығы
(2023.15.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2023.02.03. № 65 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 15 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 51) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Спорт түрлерінде пайдаланылатын жануарлар мен құстардың жем-азығы нормативтері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Қанағатов) заңнамамен белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін мерзімді баспа басылымдарында, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялануын;