«Орталық сараптау-тексеру Комиссиясы және орталық мемлекеттік және арнайы мемлекеттік мұрағаттардың сараптау-тексеру комиссиялары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат Министрінің 2011 жылғы 16 қарашадағы № 348 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 91 бұйрығы (күші жойылды)

«Орталық сараптау-тексеру Комиссиясы және орталық мемлекеттік және арнайы мемлекеттік мұрағаттардың сараптау-тексеру комиссиялары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат Министрінің 2011 жылғы 16 қарашадағы № 348 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 91 бұйрығы

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 119-НҚ бұйрығымен күші жойылды

 

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Орталық сараптау-тексеру комиссиясы және орталық мемлекеттік және арнайы мемлекеттік мұрағаттардың сараптау-тексеру комиссиялары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат Министрінің 2011 жылғы 16 қарашадағы № 348 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7343 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 20 қазандағы № 689-693 (27765) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орталық сараптау-тексеру комиссиясы туралы ережесінде:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Орталық сараптау-тексеру комиссиясы (бұдан әрі - ОСТК Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт (бұдан әрі - Министрлік жанындағы құжаттардың құндылығына сараптама жасайтын және оларды Ұлттық мұрағат қорының құрамына енгізуге (шығаруға) байланысты ғылыми-әдістемелік мәселелерді қарастыратын, сонымен қатар, оның толықтыру көздерін белгілеуді жүзеге асыратын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.»;

3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«3. ОСТК құрамы Министрдің бұйрығымен бекітіледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.