(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ 2013.13.12 № А-11/550 Қ...

Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № А-11/550 Қаулысы

 

Осы редакция 2014 жылғы 18 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңының 5-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Ақмола облысы әкімдігінің 2009 жылғы 4 маусымдағы № А-6/244 «Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3323 болып тіркелген, «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде 2009 жылғы 11 тамызда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

қаулының атауы жаңа редакцияда баяндалсын:

«Ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы»;

1-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

«1. Қосымшаға сәйкес ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі айқындалсын.»;

қосымшаның атауы жаңа редакцияда баяндалсын:

«Ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі».

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.