Әкiмшiлiк деректердi жинауға арналған нысандарды және оларды толтыру бойынша түсіндірмелерді бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 312 бұйрығы
(2021.16.03. берілген өзгерістермен)
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019.03.07. № 352 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 7) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019.03.07. № 352 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2021.16.03. № 78 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Қандас мәртебесінің өзектілігі бойынша ақпарат» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Қандас мәртебесінің өзектілігі бойынша ақпарат» әкімшілік деректер нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Қандастардың жас-жыныстық құрамы және оларды әлеуметтік қолдау бойынша ақпарат» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Қандастардың жас-жыныстық құрамы және оларды әлеуметтік қолдау бойынша ақпарат» әкімшілік деректер нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Қандастардың келген елдері бойынша ақпарат» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысаны;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Қандастардың келген елдері бойынша ақпарат» әкімшілік деректер нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Қандастардың еңбек етуге қабілеттілігі бойынша ақпарат» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысаны;