Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың байқау кеңестерінің құрамдарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 18 тамыздағы № 353 бұйрығы
(2019.08.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 17 тамыздағы № 369 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Білім және ғылым министрі м. а. 2019.02.05. № 180 бұйрығымен енгізілетін өзгерістерді қараңыз
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 маусымдағы № 686 қаулысымен бекітілген Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесін құру қағидасына сәйкес және конкурстық комиссия отырысының 2014 жылғы 21 шілдедегі № 3 хаттамасының негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны байқау кеңесінің құрамы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Л.H. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны байқау кеңесінің құрамы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны байқау кеңесінің құрамы осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) «Қазақ ұлттық аграрлық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны байқау кеңесінің құрамы осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
5) «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны байқау кеңесінің құрамы осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;