Биязы жүнді қойлардың асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулық (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 3-3/517 бұйрығына 3-қосымша) (2026.16.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2016.27.05. № 239 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2023.28.07. № 277 бұйрығымен (2023 ж. 14 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-қосымша жаңа редакцияда

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2014 жылғы 10 қазандағы

№ 3-3/517 бұйрығына

3-қосымша

 

 

Биязы жүнді қой тұқымдарын бонитирлеу жөніндегі

нұсқаулық

(2026.16.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Биязы жүнді қой тұқымдарын бонитирлеу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және биязы жүнді қой тұқымдарына бонитирлеу жүргізу тәртібін айқындайды.

2. Биязы жүнді қой тұқымдарын бонитерлеуді бонитерлер (сыныптаушылар) жүргізеді.

 

 

2-тарау. Биязы жүнді қой тұқымдарын бонитирлеу тәртібі

 

 

1-параграф. Бонитирлеуді ұйымдастыру

 

3. Жүнді, жүнді-етті, етті-жүнді өнімділік бағытындағы биязы жүнді қойлар таза тұқымды қойлар мен будандарға бөлінеді.

4. Таза тұқымды қойларға мыналар жатады:

1) бір тұқымның таза тұқымды ата-енелерін шағылыстыру нәтижесінде алынған жануарлар;

2) екі тұқымның біреуі бойынша қан құрамы кемінде 75 пайыз болған жағдайда тұқымдар генотипі бойынша жақын, туыс екі малды шағылыстыру нәтижесінде алынған жануарлар;

3) бір тұқымның қан үлесі кемінде 93,75 пайыз болған кезде туыс емес тұқымдарды будандастыру нәтижесінде алынған жануарлар;

4) екі және одан көп туыс емес тұқымдардың қатысуымен жаңа тұқым жасау нәтижесінде алынған жануарлар.

5. Осы Нұсқаулықтың 4-тармағында көрсетілмеген қойлар будандарға жатады.

6. Биязы жүнді қой тұқымдары өнімділік бағыты бойынша: жүнді қойлар; жүнді-етті және етті-жүнді қойлар болып бөлінеді.

Жүнді-етті тұқымдарға мыналар жатады: оңтүстік қазақ мериносы, солтүстік қазақ мериносы, қазақстандық меринос.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.