Биязылау жүнді қой тұқымдарын бонитирлеу жөніндегі нұсқаулық (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 3-3/517 бұйрығына 4-қосымша) (2026.16.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2016.27.05. № 239 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2023.28.07. № 277 бұйрығымен (2023 ж. 14 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) нұсқаулық жаңа редакцияда

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2014 жылғы 10 қазандағы

№ 3-3/517 бұйрығына

4-қосымша

 

 

Биязылау жүнді қой тұқымдарын бонитирлеу жөніндегі

нұсқаулық

(2026.16.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Биязылау жүнді қой тұқымдары бонитирлеу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және биязылау жүнді қой тұқымдарына бонитирлеу жүргізу тәртібін айқындайы.

2. Биязылау жүнді қой тұқымдарын бонитирлеуді бонитерлер (сыныптаушылар) жүргізеді.

 

 

2-тарау. Биязылау жүнді қой тұқымдарын бонитирлеу тәртібі

 

3. Биязылау жүнді қойлар таза тұқымды қойларға және будандарға бөлінеді.

4. Таза тұқымды қойларға мыналар жатады:

1) бір тұқымның таза тұқымды ата-енелерін шағылыстыру нәтижесінде алынған жануарлар;

2) екі тұқымның біреуі бойынша қан құрамы кемінде 75 пайыз болған кезде тұқымдар генотипі бойынша жақын, туыс екі жануарды шағылыстыру нәтижесінде алынған жануарлар;

3) бір тұқымның қан үлесі кемінде 93,75 пайыз болған кезде туыс емес тұқымдарды будандастыру нәтижесінде алынған жануарлар;

4) екі және одан көп туыс емес тұқымдардың қатысуымен жаңа тұқым жасау нәтижесінде алынған жануарлар.

5. Осы Нұсқаулықтың 4-тармағында көрсетілмеген қойлар будандарға жатады.

6. Биязылау жүнді қой тұқымдары өнімділік бағыты бойынша: жүнді-етті, ұзын жүнді етті-жүнді және қысқа жүнді етті-жүнді болып бөлінеді.

Жүнді-етті тұқымдарға цигай тұқымы жатады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.