Өнімділіктің етті-майлы бағытындағы қойларды бонитирлеу жөніндегі нұсқаулық (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 3-3/517 бұйрығына 5-қосымша) (2026.16.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2016.27.05. № 239 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2023.28.07. № 277 бұйрығымен (2023 ж. 14 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) нұсқаулық жаңа редакцияда

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2014 жылғы 10 қазандағы

№ 3-3/517 бұйрығына

5-қосымша

 

 

Өнімділіктің етті-майлы бағытындағы қойларды бонитирлеу жөніндегі

нұсқаулық

(2026.16.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Өнімділіктің етті-майлы бағытындағы қойларды бонитирлеу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және өнімділіктің етті-майлы бағытындағы қойларға (бұдан әрі - қойлар) бонитирлеу жүргізуді нақтылайды.

2. Қойларды бонитирлеуді бонитерлер (сыныптаушылар) жүргізеді.

 

 

2-тарау. Өнімділіктің етті-майлы бағытындағы қойларды бонитирлеуді ұйымдастыру

 

3. Қойлар таза тұқымды қойлар мен будандарға бөлінеді.

4. Таза тұқымды қойларға мыналар жатады:

1) бір тұқымның таза тұқымды ата-енелерін шағылыстыру нәтижесінде алынған жануарлар;

2) екі тұқымның біреуі бойынша қан құрамы кемінде 75 пайыз болған жағдайда тұқымдар генотипі бойынша жақын, туыс екі малды шағылыстыру нәтижесінде алынған жануарлар;

3) бір тұқымның қан үлесі кемінде 93,75 пайыз болған кезде туыс емес тұқымдарды будандастыру нәтижесінде алынған жануарлар;

4) екі және одан көп туыс емес тұқымдардың қатысуымен жаңа тұқым жасау нәтижесінде алынған жануар.

5. Осы Нұсқаулықтың 4-тармағында көрсетілмеген қойлар будандарға жатады.

6. Қойлар жеке немесе сыныптық бонитирлеуге жатады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.