Иттердің үйлік-ұлттық тұқымдарын (тазы, төбет) бонитирлеу жөніндегі нұсқаулық (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 3-3/517 бұйрығына 13-қосымша) (2023.14.08. берілген өзгерістермен)

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015.25.12. № 3-3/1119 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2016.27.05. № 239 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2023.28.07. № 277 бұйрығымен (2023 ж. 14 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) нұсқаулық жаңа редакцияда

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2014 жылғы 10 қазандағы

№ 3-3/517 бұйрығына

13-қосымша

 

 

Иттердің үйлік-ұлттық тұқымдарын (тазы, төбет) бонитирлеу жөніндегі

нұсқаулық

(2023.14.08. берілген өзгерістермен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Иттердің үйлік-ұлттық тұқымдарын (тазы, төбет) бонитирлеу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және иттердің үйлік-ұлттық тұқымдарына бонитирлеу жүргізуді нақтылайды.

2. Иттердің үйлік-ұлттық тұқымдарын бонитирлеуді бонитерлер (сыныптаушылар) жүргізеді.

3. Ұлттық тұқымды иттермен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыстар жүргізудің басты мақсаты және міндеті оларды сақтау, таза тұқымды иттер санын арттыру, олардың жұмыстық және тұқымдық сапасын жоғарылату және жақсарту болып табылады.

Ит өсіру шаруашылығындағы асыл тұқымдық жұмыс ұрпақтарының сапасын, оларды өсіру аймағындағы жағдайларға жоғары бейімделуін жақсартуға, жақсы пайдалануға бағытталған. Асыл тұқымдық жұмысты ұйымдастыру клубтардың, питомниктердің және басқа бөлімшелердің аражігін асыл тұқымдық жұмыс деңгейі және міндеттері бойынша ажырата, асыл тұқымдық ресурстарды тиімді құра және пайдалана, тұқымішілік құрылымды есепке ала отырып өсірудің неғұрлым мақсатқа сай әдістерін қолдана отырып, тұқымды толығымен қамтитын селекция принциптеріне негізделген.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.