Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2014 жылғы 22 қарашадағы
№ 106 бұйрығымен бекітілген
5-қосымша
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2018.19.09. № 263 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі
жүзеге асырылатын жоғары спорт шеберлігі мектептері қызметінің
қағидалары
(2025.05.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2018.19.09. № 263 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2018.19.09. № 263 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы Спорт резервін жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу жаттығу процесі жүзеге асырылатын жоғары спорт шеберлігі мектептері қызметінің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) жоғары спорт шеберлігі мектептері (бұдан әрі - ЖСШМ) қызметінің тәртібін анықтайды.
ҚР Туризм және спорт министрінің 2025.18.09. № 177 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 5 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. ЖСШМ республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың немесе қалалық (аудандық) мәртебесі болады.
ҚР Туризм және спорт министрінің 2025.18.09. № 177 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 5 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Осы Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:
1) ауыспалы құрам - оқу-жаттығу жиындары мен жарыстар уақытында тартылатын спортшылар;
2) жоғары спорт шеберлiгi топтары - спорттық жетiлдiру топтарында дайындықтан өткен және мынадай спорттық атақтар мен разрядтарды орындаған спортшылар топтары:
спорттың ойналатын түрлерiнен, көкпардан, коньки тебу спортынан, жеңiл атлетикадан - «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үмiткер»;
спорттың басқа түрлерiнен - «Қазақстан Республикасының спорт шеберi»;
3) спорттық жетiлдiру топтары - оқу-жаттығу топтарында дайындықтан өткен және мынадай атақтар мен разрядтарды орындаған спортшылар топтары: