Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасының мәдени саясатының тұжырымдамасы туралы
(2023.17.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Президентінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 312 Жарлығымен күші жойылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мәдени саясатының тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітсін;
2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар:
1) өз қызметінде Тұжырымдаманы басшылыққа алсын және оны іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;
2) мемлекеттік жоспарлау жүйесінің қабылданатын құжаттарының Тұжырымдамамен сәйкес келуін қамтамасыз етсін.
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.