Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының мазмұны мен көлемі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 24 қазандағы № 732 бұйрығы
(2025.05.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2025.15.08. № 323 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2024.18.11. № 417 бұйрығымен (2024 ж. 7 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.15.08. № 323 бұйрығымен (2025 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 31) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2025.15.08. № 323 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының мазмұны мен көлемі жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.