«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлеріне ақшалай ризықты, жәрдемақыларды және өзге де төлемақыларды төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 808 бұйрығы (2026.07.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлеріне ақшалай ризықты, жәрдемақыларды және өзге де төлемақыларды төлеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 808 бұйрығы

(2026.07.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2026.22.06. № 434 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 7 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлеріне ақшалай ризықты, жәрдемақыларды және өзге де төлемақыларды төлеу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қаржымен қамтамасыз ету департаменті (Б.Ш. Исенова) заңнамада белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2014 жылғы 14 қарашадағы

№ 808 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлеріне ақшалай

ризықты, жәрдемақыларды және өзге де төлемақыларды төлеу

қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2026.22.06. № 434 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 7 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.